Жаңалықтар / 13 маусымда Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасында «Ашық есік күні» өтті
13 маусымда Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасында «Ашық есік күні» өтті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінен Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының қаулысының негізінде Мемлекеттік органдарда “Ашық есік күні” акциясын өткізуді іске асыру мақсатында 13 маусым күні “Қарабұлақ” Сайрам аудандық ауруханасында “Ашық есік күні” өтті. Аталған іс — шара барысында емхананың дәліздерінде орналасқан теледидарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп аурухана мен емханаға келушілерге үнпарақтар таратылды және “Қарабұлақ” Сайрам аудандық ауруханасының басшысы Д. А. Мусаев ұжымға жиналыс өткізді, өз сөзінде жиналысқа қатысушыларға қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлық екендігін, сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысу қажеттілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет әр адамның міндеті мен борышы екендігін, жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатынын, болашағына кесірін тигізетінін атап айтты және барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.