«ҚАРАБҰЛАҚ» САЙРАМ АУДАН АУРУХКАНАСЫ
Казахстан, Карабулак (Сайрамский район, Туркестанская обл.) ул. Елтай-Баба, д. 104

"Қарабұлақ" Сайрам аудан аурухканасы

Казахстан, Карабулак (Сайрамский район, Туркестанская обл.)
ул. Елтай-Баба, д. 104

Телефон нөмірлері: +7 (7253) 12 66 77
Электрондық пошта: rb_karabulak@mail.ru

Жаңалықтар / Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80% жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғаттағы КҚГҚ негізгі тасымалдаушылары мен көздері әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.

Аурудың негізгі жұгһғу жолы трансмиссивті — адамды вирус жұқтырған кене шаққанда, вирус ағзаға тері арқылы енгенде жұқтырады. Сондай-ақ, адам кенелерді жаншығанда, вирус денеге микрожарықтар мен терідегі жаралар арқылы енген кезде де жұқтыруы мүмкін. Адамның КҚГЛ вирусына табиғи бейімділігі жоғары.

Қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері кенеттен пайда болады. Ауру температураның 40 градусқа дейін көтерілуінен басталады, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш аурумен сипатталады. Күшті безгектің аясында науқастар бүкіл денеде әлсіздік пен ауырсынуды сезінеді. Бет, мойын, жоғарғы кеуде қуысының гиперемиясы, склера склера тамырларының және конъюнктиваның инъекциясы тән. Ауру одан әрі дамыған жағдайда бунаманың “оң” симптомы, ине шаншылған орындардың көгеруі, қансырауы, мұрыннан, тіс өызыл иегінен, жатырдан, асқазан — ішек жолдарынан қан кетуі м.мкін. Егер науқастанған адам емделмеген болса, өлімге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, өлім инфекциялық-уытты шок, өкпе қабынуы, қайталама бактериялық асқынулар нәтижесінде болуы мүмкін.

Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары
— кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу.
— саябаққа немесе саяжайға барған кезде жабық киім киген жөн, шалбар етікке тығылған болуы керек және міндетті түрде өзіңізбен бірге бас киімді алыңыз, шашыңызды бас киімнің немесе орамалдың астына жинаңыз.

— арнайы аэрозоль және спрей репелленттерін пайдаланыңыз, оларды үш сағат сайын қайталап жағып тұру керек.
— орман аймағында, шөпті өсімдіктері бар жерлерде жүрген кезде әр 10-15 минут сайын өзара және өзін-өзі тексеруді, үстіңгі тексеруді жүргізу керек.
— ашық демалыстан қайтып, киімдерін шешкеннен кейін денені, шаш пен киімді кенелердің, әсіресе бас терісін, қолтық асты, құлақтың артындағы жерлерін жабысып қалатын кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Киімді желдетіңіз, бөлмеге бірден гүлдерді, бұтақтарды, аңшылық олжаларды әкелмеңіз.
— бекітілген және жабысқан кенелерді анықтау және жою үшін үй иттерін және басқа үй жануарларын тексеріңіз.
— мал асырайтын қораларды таза ұстаңыз, арнайы дәрілермен өңдеңіз
— қой қырқымы, малға күтім жасау, мал сою, мал терісін өңдеу барысында арнайы киім кию қажет
Есіңізде болсын! Кене шаққан жағдайда тәуліктің уақытына қарамай медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкіндігімен қауіпті.

Кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну сізді аурулардан сақтап және өміріңізді сақтайды.

Scroll to Top

Байланыс ақпараты

Қолдау қызметі

Біздің қолдау сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге дайын. Төмендегі өтініш формасын толтырыңыз, біз сізге тез арада хабарласамыз.